<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><title>Бір Құдайға сенем дегеннің, болады басы - Иса Мәсіх</title>
<lyrics>[V1]
 Құрбан шалатын, жанды қиятын
 Халқым үшін келді уақыт.
 Тәнге қарамай, басқаға бұрмай
 Шапағатқа шықты бақыт.
 Шын жүрегімен келем дегенге
 Нұр есігі әркез ашық.
 Бір Құдайға сенем дегеннің,
 болады басы - Иса Мәсіх

[C1]
   // Күн сәулесі айдың нұры
   Бізге керек болмайды.
   Мәсіх Нұры салтанаты,
   Ұлылығы қоршайды.
   Жан дүниемді, айналамды,
   Өзі жарқыратады.
   Жүректерді тыныштыққа,
   Толтырып қуантады. //

[V2]
 Бір қауымға, адал бауырға,
 Айналдырды бізді Мәсіх.
 Еш алдамайтын, әділ жүретін,
 Мәсіхшілер біздер болдық.
 Ұстап ораза, болып дұғада,
 Мәсіх Нұрына нұрландық.
 Барлық өмірді, толық жүректі
 Беретіндер біздер болдық.

[V3]
 Мәсіх нұрына, тірі қауымға
 Айналады ел жақында
 Исаменен біз әркез біргеміз,
 Мәсіхшілерміз өйткені.
 Бейбітшілікті билеуші етті,
 Әдептілікті әмірші,
 Тірі Сөзімен тірілтті бізді,
 Қауымбасы Иса Мәсіх.</lyrics>
<author>Нұр</author>
</song>